Сырым ауданы орталығы Жымпитыдағы "Кинг-Фарм плюс" дәріханасының басшысы Артур Сәтбаев 25 қазан – Республика күніне орай және қайырымдылық айлығы аясында игі іс жасады.
Дәріханасының төрінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ілініп, мерекенің лебі есіп тұрған дәріхана басшысы жымпитылық зейнеткерлерге, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, ерекше күтімді қажет ететін балаларды бағып отырған ата-аналарға, “Күміс алқа” иелеріне, жалпы саны 20 тұрғынға дәріхана атынан 5000 теңгелік сертификат табыс етті.
- Аталмыш сертификат иелері ағымдағы жылдың соңына дейін сертификаттарын пайдалана алады. Басы ауырып, балтыры сыздаған, аталған тізімдегі жандар дәріханадағы кез келген дәрі-дәрмек түрін ала алады. Ұсынысымызды қабыл алып, мәрттік танытқан Артур Халықбекұлына алғысымыз шексіз,- дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаева.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz