25.10.2023, 13:25
Оқылды: 77

Мереке қарсаңындағы мейірім

Сырым ауданы орталығы Жымпитыдағы "Кинг-Фарм плюс" дәріханасының басшысы Артур Сәтбаев 25 қазан –  Республика күніне орай және қайырымдылық айлығы аясында игі іс жасады.

IMG_7762

Дәріханасының төрінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ілініп, мерекенің лебі есіп тұрған дәріхана басшысы жымпитылық зейнеткерлерге, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, ерекше күтімді қажет ететін балаларды бағып отырған ата-аналарға, “Күміс алқа” иелеріне, жалпы саны 20 тұрғынға дәріхана атынан 5000 теңгелік сертификат табыс етті.

InShot_20231025_132051068

- Аталмыш сертификат иелері ағымдағы жылдың соңына дейін сертификаттарын пайдалана алады. Басы ауырып, балтыры сыздаған, аталған тізімдегі жандар дәріханадағы кез келген дәрі-дәрмек түрін ала алады. Ұсынысымызды қабыл алып, мәрттік танытқан Артур Халықбекұлына алғысымыз шексіз,- дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаева.

InShot_20231025_132213306

InShot_20231025_132254905

Айжан Бауыржанқызы, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале