Ұлттық мерекеміз Республика күніне орай "Сәулет" мектеп лицейінің физика пәні мұғалімі, шебер педагог Айнұр Дүйсенова "Ыбырай Алтынсарин" атындағы төсбелгімен марапатталды.
Айнұр Серікбайқызы жақында ғана алғаш рет өткен ұстаздар съезіне қатысып қайтқан болатын. Міне, араға аз ғана уақыт салып, тағы бір үлкен марапатқа ие болды. Бұл оның еңбегінің жемісі деп білеміз. Төсбелгі Астана қаласында өткен мерекелік шарада Айгүл Серікбайқызына салтанатты түрде табыс етілді.
Айнұр Дүйсенова 2003 жылдан бері аталған мектепте мұғалім болып қызмет етіп келеді.
Назгүл Жардемова,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz