Кеше ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Абай облысы Аягөз қаласындағы жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы хабар түскен.
Абай облысы әкімдігінің telegram парақшасында хабарлағандай, алты адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге барған.
Көрнекі фото
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр жерде жиһаздар мен жеке заттардың жанғанын анықтаған.
Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-те толық сөндірілген. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Оқиға орнында төрт баланың денесі табылған. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізіп жатыр.