26.10.2023, 10:00
Оқылды: 102

"Жыламай өзімді 2 жыл бойы ұстап жүр едім". Қара бетперде киген жұмбақ жігіт тағы бір отбасыны қуантты

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт әйелі қатерлі ісікке шалдыққан ер адамға көмектесті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1

Фото: Қара бетперде киген жұмбақ жігіттің instagram парақшасынан

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт осы жолы кәмелетке толмаған үш баласы бар әкеге көмектесті. Оның әйелі жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдыққан (4-стадия). Ал өзінің сол жақ көзіне ақ шел түскен. Бұл отбасы газ жүргізілмеген және ыстық суы жоқ жалдамалы үйде тұрады.

"Балаларды мектептен алып келе жатыр едім. Жүріңіз, үйге кірейік. Өзімнің бір көзім дұрыс көрмейді. Әйелімде қатерлі ісіктің 4-ші стадиясы дейді. Онкологиялық қатерлі ісік. Осы жалдамалы үйде тұрып жатырмыз. Тамағын пісіремін, кірін жуамын, балаларды қарсы аламын. Тек жолдасым жазылып кетсе екен деймін. Жұмыс жасағым келеді. Бірақ қалай жасаймын. Ана жақта үш балам отыр, мына жерде әйелім ауырып жатыр", - дейді видеода ер адам.

Бұл отбасыға қара бетперде киген жігіт қаржылай көмектесті.

"Рұқсат болса, сіздерге конверт алып келіп едік. Соны ашып қарайсыз ба?! Жолға дайындалсаңыз болады. Бұл қаражатпен өзіңізге ота жасайсыз және әйеліңіз ем алады", - дейді қара бетперде киген жігіт.

Мұны естіген ер адам көз жасына ерік берді.

"Жыламай, өзімді 2 жыл бойы ұстап жүр едім", - деп көз жасына ерік берді ол.

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале