26.10.2023, 16:15
Оқылды: 14

Оралда «Таза орман» акциясы өтеді

Орал қаласында 28 қазан күні сағат 10:00-де «Таза орман» акциясы өтеді.

жп субботник

Сенбілік қаланың орман аумақтарында ұйымдастырылады. Бұл туралы БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәлімдеді.

– Осы сенбіде қаладағы орман аумақтарында экологиялық акция ұйымдастырылады. Барша қоршаған ортаға жанашыр жандар мен қала тұрғындарын, еріктілерді сенбілікке атсалысуға шақырамыз. Акция аясында елді мекендерге жақын орналасқан орман алқаптары мен жолақтарын тазарту жоспарланып отыр. Тазарту жұмыстары Самара–Шымкент (Орал–Подстепный) тасжолындағы 1 және 2 саяжайдағы орманды алқаптарда жүргізіледі. Сенбілік үшін арнайы екі автобус шығарылады, - делінген басқарманың хабарламасында.

Айта кетейік, қосымша ақпараттарды ұйымдастырушы Райымбек Әлібекұлынан +7 747 922 69 21 байланыс нөмірі арқылы білуге болады.

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале