30.10.2023, 15:47
Оқылды: 40

Аудан әкімі болуға үміткерлер тұрғындармен кездесті

Бөкей ордасы ауданы әкімі міндетіне үміткерлер «Есіктен есікке» акциясы аясында аудан орталығының тұрғындарымен кездесті. Әр кандидат акция аясында ауыл белсенділеріне арнайы барып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Сонымен қатар тұрғындардың уәжіне құлақ тігіп, аманаттарын да тыңдады.

САЙЛАУ

Таратып айтсақ, Мейрамбек Ғилманов, Шәпен Дүйсенғалиев, Сапар Бектасов және Марат Қадешов есімді ауыл азаматтарына барып сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.

Әр ауылдық округке барып, тұрғындармен кездескен Нұрлыбек Даумов:

- Аудан тұрғындары көтеріп отырған мәселелер – ортақ, елдік мәселелер. Соның бірі – жұмыссыздық. Алдағы 2024-2027 жылдар ішінде 765 жұмыс орнын ашып, оның 365-ін тұрақты жұмыс орны ретінде қалдыру жоспарда бар. Аудан орталығындағы орталық аурухана мен шағын ауылдардағы 11 медициналық пунктке күрделі жөндеу жүргізуді мақсат етіп қоямын. Нақты айтар болсам, биыл Мұратсай, Ұялы, Жиекқұмдағы медициналық пунктерде жөндеу жүргізіліп немесе өз мәресіне жетті. Сонымен қатар 2024 жылы Шоңай, Көктерек, Жамбыл, Саралжын, 2025 жылы Хан ордасы, 2026 жылы Әжен, Тайғара ауылдарындағы медициналық пункттерге жөндеу жұргізу жоспарланып отыр. Оған қоса ауданға қажетті жас медициналық кадрларды тарту да менің басты жоспарымда болады, – деді.

САЙЛАУ-1

Үшінші үміткеріміз Нарынбек Кереш те өз бағдарламасын насихаттауда. Кандидат өз ауылымен қатар аудан орталығының тұрғындарымен кездесіп, халықтың мұң-мұқтажымен танысты. Өз сайлауалды бағдарламасында айтқандай аудан тұрғындарына мемлекеттік қолдау көрсету, ауылдардағы жайылым мәселелерін шешу, бұқаралық спортты қолдау және спорт алаңдарын салу. Сонымен қатар жол мәселесін түбегейлі шешу, жөнделіп жатқан жолдардың жөндеу сапалы және тиянақты аяқтауына атсалысатынын жеткізді.

САЙЛАУ-2

Тұрғындармен қатар үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен бірқатар мекеме қызметкері таныс болды. Кездесу барысында насихаттау кітапшалары ұсынылып, үміткерлер дауыс беруге және сайлау науқанына белсенді қатысуға шақырды.

Еркебұлан Бисенғалиев,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале