31.10.2023, 12:00
Оқылды: 65

Батыс Қазақстан облысының 3 мыңнан астам тұрғыны Қазақтелекомның GPON желісіне қосылды

Еліміздегі ірі байланыс операторы Батыс Қазақстан облысындағы жаңа ғимараттарды кең жолақты интернетке қосуды белсенді түрде жалғастыруда. Жыл басынан бері Орал қаласының 3 мыңнан астам тұрғыны Gigabit Passive Optical Network технологиясын пайдалана отырып, барлық заманауи цифрлық қызметтерге қол жеткізді. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ Коммуникациялар департаменті мәлімдеді.

WhatsApp Image 2023-10-31 at 11.30.59 (3)

GPON оптикалық байланыс желісін тікелей абоненттің пәтеріне орнатуды қамтамасыз етіп, клиентке бір кабель арқылы телекоммуникация қызметтерінің барлық спектрін алуға мүмкіндік береді. Соның ішінде: жоғары жылдамдықты Интернет, цифрлық телефония және интерактивті телевидение. Тұрғындарға техникалық мамандарды күтудің немесе ғимаратқа желілерді тартуға қосымша өтінім берудің қажеті жоқ, өйткені оптикалық желілер «Абай» тұрғын үй кешеніндегідей, құрылыс сатысында пәтерлерге тікелей таратылады. Қазір 200-ден астам жаңа тұрғындардың бір уақытта бірнеше қызметтерді және Интернетке 500 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен үзіліссіз қосылу мүмкіндігі бар.

WhatsApp Image 2023-10-31 at 11.30.59

«Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысында жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде, ал біздің ірі телекоммуникация операторы ретінде міндетіміз – облыс тұрғындарын жоғары сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету және заманауи технологияларға қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасау. Біздің компанияның әрбір клиентінде жоғары сапалы байланыс қызметтері болуы біз үшін өте маңызды. Осы мақсатқа жету үшін «Қахзактелеком» көптеген жұмыстар атқаруда. Бүгінде өңірлерде GPON арқылы телекоммуникация қызметіне қосылу перспективасы өте жоғары болып отыр. Абоненттерді қосу алдында біз техникалық мүмкіндіктерді егжей-тегжейлі зерттеп, бар тіректерді пайдалана отырып, оптикалық желіні құру туралы шешім қабылдаймыз. Соның нәтижесінде компания «Абай» тұрғын үй кешенінің тұрғындарын интернетпен қамтамасыз етіп, облыстағы тағы 71 жаңа ғимаратты қосуды жоспарлап отыр», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ операциялық тиімділік жөніндегі бас директоры Берік Битабаров.

Жаңа технологиялар мен байланыс қызметінің сапасын абоненттердің өздері де жоғары бағалады. Солардың бірі - Азамат Үксімбаев. Жаңа үйге көшеннен кейін, компания қызметтерін белсенді пайдаланушылардың бірі. Жаңа технология туралы көршілерінің WhatsApp чатынан білген.

«Жаңа үйімізде жоғары сапалы байланыс бар, жылдамдық жоғары, бәрі тез жүктеледі және қатып қалмайды, кез келген талғамға арналған көптеген арналары бар. Ең бастысы, пәтерге кіргеннен кейін интернет пен телевидениеге қосылу мүмкіндігі болғанына өте қуаныштымыз. Біздің үйіміз «Қазақтелеком» қызметіне қосылғандықтан, барлық көршілеріміз сияқты біз де алдын ала өтініш бердік. Жұмыстағы ауыр күннен кейін отбасымызбен сүйікті фильмдерімізді тамашалай аламыз, туыстарымызбен сөйлесіп, әлеуметтік желідегі жаңалықтарды оқи аламыз», – дейді оралдық Азамат Үксімбаев.

Батыс өңірінің B2C сегментінің коммерциялық директоры Лязимай Нұржанова компанияның қызмет түрлері мен тарифтерін кеңейту туралы айтып берді:

«Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы жаңа ғимараттармен белсенді түрде өсіп келеді, ал тұрғындарға жоғары сапалы коммуникациялар өте қажет, біз онымен жұмыс істеп жатырмыз және жаңа технологияларды, атап айтқанда GPON ұсынып жатырмыз. Терминнің басындағы «Гигабит» сөзі максималды желіні өткізу дегенді білдіреді. Оптиканы мыс кабельмен салыстырғанда Интернетке қосылу жылдамдығының жоғарылауымен және тұрақтылығымен сипатталады. Енді тұрғындар үшін тарифтік топтамалардың кең таңдауы бар – Keremet MOBILE, Bereket, Keremet TV. Жаңа ғимараттардың тұрғындары жаңа желінің сапасын ғана емес, байланыс қызметтерін үнемдеу мүмкіндігін де бағалайды деп сенеміз», – дейді Лязимай Нұржанова.

Байланыс операторы жыл соңына дейін Батыс Қазақстан облысындағы Самал, Жеңіс ықшамаудандары мен Желаево ауылындағы 70-тен астам жаңа құрылысты талшықты-оптикалық байланыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл 6 мыңнан астам азамат көшкеннен кейін жылдам интернетке және цифрлық қызметтерге қосылу мүмкіндігіне ие болады деген сөз, бұл қазіргі өмір қарқынында өте маңызды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале