Оралда «Таза орман» акциясы өтті. Сенбілік қаланың орман аумақтарын қамтыды.
Экологиялық сенбілікті БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен «ИП YSYQ» командасы және табиғат жанашырлары мен еріктілер ұйымдастырды.
Қоршаған ортаға жанашыр жандар мен қала тұрғындары, барлығы 100-ден аса адам сенбілікке атсалысты.
Акция аясында Самара–Шымкент (Орал–Подстепный) тасжолындағы 1 және 2 саяжай, Хан тоғайы, Басқақ тоғайы және Ревунок орманды алқаптары мен жолақтары тазартылды.
zhaikpress.kz