Ақжайық ауданында 2011-2012 жылы туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.
Сегіз команда қатысқан чемпионатта сырымдық теңбіл доп шеберлері де бақ сынаған болатын.
Чемпионатта қарсыластарын 2-0 есебімен ұтқан волейболшылардың жаттықтырушысы Рамазан Кәрімовтен жеңіс сыйлаған ойын жайында сұрадық.
- Ең алғашқы ойынымызда СК Батыс (Орал) командасын, екінші ойында Тасқала, Жаңақала командаларын, жартылай финалда Орал командасының теңбіл допшыларымен сынға түсіп 2-0 есебімен және финалда да Ақжайық командасын дәл осы 2-0 есебімен ойсырата жеңдік. Шәкірттерім үздіксіз дайындық нәтижесінде жеңіс туын желбіреткенін мақтанышпен айтамын, - дейді сырымдық волейболшы қыздардың жаттықтырушысы Рамазан Жайдарбекұлы.
Енді қыздар ел чемпионатында бақ сынайды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz