3.11.2023, 9:30
Оқылды: 42

Тоқаев: «Еліміз Мажарстанға құны шамамен 700 млн $ болатын 95 түрлі тауар жеткізе алады»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

InShot_20231103_091618684

- Біз бүгін нақты әрі маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Әсіресе екіжақты сауда-саттық көлемін ұлғайтуға және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға баса мән бердік. Осы орайда тауар түрін көбейтіп, жаңа мүмкіндіктерді пайдалану аса маңызды. Қазір еліміз Мажарстанға құны шамамен 700 млн $ болатын 95 түрлі тауар жеткізе алады. Энергетика, металлургия, мұнай-химия, машина жасау, ауыл шаруашылығы және құрылыс салалары бойынша өнім экспорттауға мүмкіндік бар, - деді Мемлекет басшысы БАҚ өкілдеріне берген брифингінде.

ptrkkz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале