3.11.2023, 11:30
Оқылды: 34

Тоқаев: «Ендігі мақсат – өзара сенімге және бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтау»

Осыған дейін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы Саммиті басталғанын хабарлаған болатынбыз.

7f904428-17f4-4a06-b0e9-6c247b4321d7

- Түркі халықтарының қасиетті қара шаңырағы – Қазақстанға қош келдіңіздер!

Ең алдымен, бауырым Реджеп Тайип Ердоған мырзаға және барша түрік ағайындарға Түркияның 100 жылдық мерейтойы құтты болсын дегім келеді. Анадолының ғасырлық шежіресі биік белеске, зор жетістікке толы. Ұлы тұлғаларының арқасында бүгінде Түркия бүкіл әлемге ықпалы бар қуатты мемлекетке айналды.

Сондай-ақ қадірлі Ильхам Гейдароғлы Әлиев мырзаны және Әзербайжан халқын ел іргесін бекемдеуімен құттықтаймын! Сіздің еліңіз аумақтық тұтастығын қалпына келтіріп, дамудың жаңа тарихи дәуіріне қадам басты. Осы тарихи қадам Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес жүзеге асты.

Сонымен қатар, Ұйымның қазіргі төрағасы Өзбекстан Президенті, құрметті Шавкат Миромонович Мирзиёевке түркі елдерінің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосқаны үшін ерекше алғысымды айтамын, - деді Президент жиында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бастамасымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі қазір толыққанды беделді халықаралық ұйымға айналдығын атап өтті.

 - «Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітілді. Ең бастысы, бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Ортақ құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық.
Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат – өзара сенімге және бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау.

Түркі әлемі жаһандық ықпалы бар елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасап отыр. Басқа мемлекеттер біздің ұйымның ұстанымдарына баса мән беретін болды. Сондықтан, түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу – бәрімізге ортақ міндет, - деді мемлекет басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале