Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінің қорытынды құжаты – Астана актісіне қол қойылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Түркі мемлекеттері ұйымының Х мерейтойлық саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданып, құжаттарға қол қойылды.
«Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі, өзара көмек көрсетіп, тиімді іс-әрекет жасауы өте маңызды. Бабаларымыз «Тірлік басқа болса да – тілек бір, бармақ басқа болса да – білек бір» деген. Біздің Түркі ықпалдастығын нығайту жолындағы ортақ табысымыз – соның айқын көрінісі. Саммиттің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданады, құжаттарға қол қойылады. Оның бәрі Түркі әлемін өркендетуге, елдеріміздің ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ аймақтағы ықпалдастықты дамытуға және ұйымның беделін күшейтуге зор үлес қосады деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.