3.11.2023, 18:00
Оқылды: 38

Бокстан аудандық ашық біріншіліктің жеңімпаздары белгігі болды

Қаратөбе ауданы құрылғанына 95 жыл толуына орай аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 2010-2011, 2012-2013 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан аудандық ашық біріншілік өтті.

Бокс ашылу (3)

Турнирге Орал қаласындағы «Жекпе-жек» спорт мектебінің шәкірттері және Бөкей ордасы, Сырым, Бәйтерек, Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарынан 50-ге жуық балғын боксшы қатысты. Жасөспірімдер арасындағы жарыс сегіз салмақ дәрежесінде өтті.

Бокс жабылуы1

Аталмыш турнирді аудан әкімінің міндетін атқарушы Жасұлан Сұлтан ашты.
Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген ұлттық дәрежедегі төреші Ербол Мырзахметов жарысқа қатысушы жас спортшыларға сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында 30 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан шеберлігі мен әдіс айласын асырған шыңғырлаулық Дәулет Қаржаубай, 34 келі салмақта «Жекпе-жек» спорт мектебінің шәкірті Әбілмансұр Әбілқасым, 36 келіде шыңғырлаулық Нұрлыбек Менбай жарыс жеңімпазы атанды.
2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы жұдырықтасуда 37 келі салмақ дәрежесінде қаратөбелік Азамат Маратов, 40 келі салмақта Бәйтерек ауданынан келген Артем Стасенко, 42 келіде қаратөбелік Мейрамбек Білімбекұлы, 46 келіде сырымдық Мадияр Ғасиден, 50 келі салмақтағы балғын боксшылар арасында бәйтеректік Евгений Калугин жеңімпаз атанды.
Аудандық ашық біріншілікте 42 келі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанған қаратөбелік Мейрамбек Білімбекұлы «Үздік боксшы» аталымына ие болды. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен 40 келі салмақта жұдырықтасып ІІ орын иемденген «Жекпе-жек» спорт мектебінің шәкірті Әділет Қанат марапатталса, шыңғырлаулық бапкер Азамат Тажекенов «Үздік төреші» аталымына лайық деп танылды.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале