5.11.2023, 14:06
Оқылды: 52

Сайлауға ұжым болып келді

Қазақы салт-дәстүрді ерекше қадірлейтін Бөкей ордасы ауданының Хан Ордасы ауылындағы «Ақбота» бөбекжай кешенінің ұжымы «Тұңғыштар мекеніндегі тұңғыш аудан әкімінің сайлауы» атты ерекше акция ұйымдастырды.

орда сайлау (1)

Акция барысында бөбекжайда қызмет ететін 39 қызметкер сайлауға ұжыммен келді. Бөбекжай директоры Аягөз Түсіпқалиева аталмыш акция арқылы жастардың патриоттық сезімін оятқысы келгенін және ауызбіршілікті көрсеткісі келгенін айтады.

орда сайлау (2)
- Биыл алғаш рет ұйымдастырылып жатқан аудан әкімінің сайлауы ел тарихында ерекше орын алатын оқиға. Осындай сәттің куәсі болу бақыты бұйырды. Тұңғыш рет орын алған ерекше сайлауға біз де өзіміше үлес қосып жатқандықтан жай ғана барып дауыс бере салмайық деп шештік. Әрине әр адамның өз таңдауы бар. Кім қай үміткерді таңдаса да өз еркі. Бірақ бірлігімізді көрсетіп, татулығымызды паш ету борышымыз, - дейді бөбекжай директоры Аягөз Түсіпқалиева.
Ел татулығын, бірлігін кірсетіп, ұжыммен бірге барып дауыс беру үрдісі ауданда ерекше көрініс тапты. Ұялы ауылындағы Ш. Жексенбаев атындағы мектеп ұжымы да бір атаның баласындай ұйып, сайлау учаскесінен табылды. Саралжын ауылындағы Қ. Сағырбаев атындағы мектеп ұжымы да бұл дәстүрден айныған жоқ.
Саяси додада азаматтық позициясын ғана емес, мызғымас бірлігін, елді көркейту жолында жұдырықтай жұмыла алатынын да көрсеткен аудан ұстаздарының акциясы көпке үлгі.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале