БҚО Бөрлі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қарашаның екісі күні кешкі сағат 20:20-да Утвинка ауылынан 500 метр жерде «TOYOTA HILUX» маркалы автокөлігін тоқтатады.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында автокөліктің салонынан бөлшектелген екі қап еліктің еті, тегіс ұңғылы қосауыз мылтық және оқ-дәрілер табылып, тәркіленген.
Қосымша тексеру барысында аталған ауылдың батыс бағытында жануардың екі басы, екі тері және жеті аяғы табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалған.
Ұсталған 2000, 1983, 1986, 1977 жылғы азаматтар бұл әрекеттерін «аң аулауға шықтық» деп түсіндірген.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігіне (Заңсыз аңшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген.
zhaikpress.kz