8.11.2023, 11:30
Оқылды: 786

БҚО тұрғынының көлігінен еліктің еті табылды

БҚО Бөрлі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қарашаның екісі күні кешкі сағат 20:20-да Утвинка ауылынан 500 метр жерде «TOYOTA HILUX» маркалы автокөлігін тоқтатады.

9f3dfdd1-2b55-4018-87d6-073c59778148

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында автокөліктің салонынан бөлшектелген екі қап еліктің еті, тегіс ұңғылы қосауыз мылтық және оқ-дәрілер табылып, тәркіленген.

Қосымша тексеру барысында аталған ауылдың батыс бағытында жануардың екі басы, екі тері және жеті аяғы табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалған.

Ұсталған 2000, 1983, 1986, 1977 жылғы азаматтар бұл әрекеттерін «аң аулауға шықтық» деп түсіндірген.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігіне (Заңсыз аңшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале