Оралда Мемлекеттік сыйлықтын лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлиді еске алуға арналған тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнир өткізілді.
Бұл жарысқа Атырау, Орал қалалары мен Бөрлі, Бәйтерек, Бөкейорда, Сырым, Жаңақала аудандары қатысып, барлығы 150-ден астам жасөсіспірім бақ сынасты.
Үш күнге созылған ақыл-ой додасында жаңақалалықтар бос қайтпады. Нәтижесінде 17 жастағы ұлдар арасынан Нұрберген Түсіпқали күміс жүлдегер атанса, Нұрәлі Арматұлы қоланы місе тұтты. Сонымен қатар Ақниет Жанболат, Айат Тұрсынбай, Камила Дамирқызы, Әмина-Фатима Маратовалар сынды ойыншылар да жақсы ойын деңгейін көрсете білді.
Жас спортшылардың бапкері жоғары санатты жаттықтырушы Қайрат Маратұлы.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz