10.11.2023, 13:00
Оқылды: 34

БҚО-да екі балықшының өлімі тіркелген

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында БҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Теміржан Танжанов брифинг өткізді.

чс (1)

Жылдың басынан облыс аумағында екі балықшының өлімі тіркелген.

чс (2)

- Су айдындарында мұз әлі қатқан жоқ. Осыған байланысты азаматтарды балық аулаудағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.

чс (3)

Дұрыс жабдықталған және жарамды қайықты ғана пайдаланыңыз. Жазатайым оқиға болмас үшін жағадан алыс кетпеңіздер. Балық аулауға барар алдында қайықтың жай-күйін мұқият тексеріңіз, ескектердің жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. Кез келген төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл түрде «112» нөміріне қоңырау шалу қажет, - деді Теміржан Ермекұлы.

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале