11.11.2023, 23:56
Оқылды: 63

Мемлекеттің аялы алақаны

М.Өтемісов атындағы БҚУ филология факультетінің 3-курс студенттері Орал қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

IMG-20231107-WA0074

Бүгінгі таңда аталмыш орталықта қызмет алушылардың саны 540-қа жуық адамды құрайды.
«Мекемеміз ауызекі тілде қарттар үйі деп аталған соң көпшілік мұнда тек қариялар мекен етеді ойлайды, - дейді орталық басшысы Арман Дәулетов.
- Бізде сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі, жүйке ауруларына шалдыққан жандар да бар. Сондай-ақ жартылай күндізгі стационар жұмыс істейді. Онда да қызмет алушылар бар. Ал нақты қариялар санына келсек, 230-ға тарта аға буын өкілі қызмет алуда».

IMG-20231107-WA0078

Мекеме өз қызметінде ҚР Әлеуметтік кодекстін басшылыққа алады. Соның негізіндегі талаптарға сай адам ғана орталыққа қызмет алушы ретінде қабылданады. Әрбір қызмет алушыға жеке жұмыс жоспары жасалады. Мұнда еліміздің басқа да өңірлерінен келген жандар да аз емес. Ұлттық құрам жағынан қарағанда орталықты 11 ұлт өкілі мекендеуде. Өкінішке орай, көбі – қандастарымыз.

Сондай қызмет алушы қарияның бірі –  Сағынғали Ғабитов. Бәйтерек ауданының тумасы болып табылатын оның орталыққа келгеніне екі жыл болған екен.

IMG-20231107-WA0079

- Балаларым шетелде жұмыс жасағандықтан, мені қарайтын ешкім болмаған соң өз еркімен осы орталықтың қызметіне жүгіндім. Осында өзінің бауыры да бар, яғни ол да қызмет алушылардың қатарында. Мемлекет тарапынан біз секілді жандарды қолдау бағытында жасалып жатқан жұмыс үшін айтар алғысымыз шексіз. Орал қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет көрсету дәрежесі өте жоғары. Басшылықтан бастап техникалық қызметкерлерге дейін мейімділік, кішіпейлділік танытып, әрқашан құрметтеп жатады. Сол үшін де мың алғыс, - дейді Сағынғали Базарұлы.

Ділназ Мұхамбетова,
М.Өтемісов атындағы
БҚУ филология факультетінің
3-курс студенті
Бәйтерек ауданы
Мичурин ауылы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале