15.11.2023, 11:45
Оқылды: 40

«Сыбаға» бағдарламасының ақшасына қол салған: 970 миллион теңге залал келтірді

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалында ірі қара мал сатып алу үшін несие қаражатын алу кезінде алаяқтық фактісі анықталған.

ЖП ақша

Тергеу барысында жалған құжаттарды пайдаланып, асыл тұқымды ІҚМ сатып алуға бөлінген кредиттік қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған, сондай-ақ бөгде тұлғаларға шаруа қожалықтарын ресімдеген үш тұлға анықталған.

Қаржы мониторингінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқыққа қайшы әрекеттері арқылы олар мемлекетке жалпы сомасы 970 миллион теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Қазіргі уақытта үш күдікті ұсталып, оларға қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған.

Күдіктілердің шамамен 260 млн теңгеге жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале