17.11.2023, 15:45
Оқылды: 26

БҚО-да балалар арасындағы қылмыс өршіп тұр

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев айтты.

WhatsApp Image 2023-11-17 at 13.29.39

- Осы жылдың 10 айынының қорытындысы бойынша жүргізілген талдауға сәйкес кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс 26,1%-ға өскені анықталды. Олардың ішіндегі 7-еуі эпизодты іс. Қылмыстың басым бөлігі, яғни 42,6% Орал қаласында тіркеліп отыр, - деді облыстың бас полицейі Арман Молдиярұлы.

Белгілі болғанындай кәмілетке толмаған балалар биыл 87 қылмыс жасаған.

Бесіктен белі шықпай жатып қылмыс әлеміне араласқан 82 бала полицияда тіркеуде тұрған көрінеді.  - Оның 48-і мектеп оқушысы, - деді ведомоство өкілі.

- Балалар арасында есірткі сипатындағы заттарды қолдану, сату мақсатындағы қылмыстар да жиі тіркеліп тұрады, - дейді полицейлер.

Биыл осы мақсаттағы қылмыстарға қатысты төрт қылмыстық іс қозғалыпты. Енді ол жасөспірімдер 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Себебі ҚР Қылмыстық кодексінің 81-б. 7-тармағына сәйкес кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдерге 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылу жазасы көзделген.

- Балалар жасайтын қылмыс саны артқан. Бірақ балаларға қатысты жасалатын қылмыс саны азайды, - деді полиция департаментінің басшысы. Биыл мұндай сипаттағы 14 қылмыс тіркелген.

Жанат Көшкінбай,

Фото: БҚО ПД баспасөз қызметінен

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале