17.11.2023, 16:30
Оқылды: 30

Жарыстан жүлделі оралды

Жасөспірімдер арасында бокстан өткен облыстық чемпионатта 52 келі салмақ дәрежесінде жәнібектік Қайсар Қамит жүлделі 2-орынды еншіледі.

401594604_882205443909131_7660958827069486899_n

Әр ауданнан жиналған жас боксшылардың бақ пен бабын айтқанда бұл жүлде аудандағы бокс спортының ерекше жетістігі екенін айта кеткен жөн. Жетекшісі Нұрбек Орынбаевтың шәкірт қатарын көбейтіп, тынымсыз еңбек етіп жүргені көпке мәлім.

Мұнымен қоса, Казталов ауданының Ақпәтер ауылында спортшы Манарбек Ақболатовты еске алуға арналған дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында ашық аудандық турнир өткен болатын.

400909594_882200077243001_2782511589654970198_n

Жәнібектен аттанған қатысушылар намысты жықпай, жүлделі орындармен қайтты.

Атап айтсақ, Бек Нұрболат жүлделі 3-орынды місе тұтса, күміс жүлдеге Жандарбек Жақсыбаев лайық болды.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале