17.11.2023, 17:15
Оқылды: 40

«Тауық күтімі мұқияттылықты қажет етеді»

Теректі ауданының Долин ауылдық округінде негізінен ауыл тұрғындары мал ұстайды. Округ бойынша 7433 ірі қара, 4095 қой-ешкі, 1334 бас жылқы бар. 5055 бас құс бар екен. Соның үш мыңдайы – Долин ауылында. Сол үш мыңның екі мыңнан астамы Ержан Исмаиловтың шаруашылығында.

птица (1)

Долин ауылы шетіндегі қора ішіне кірсеңіз, тауық баптаудың небір әдіс-тәсілдеріне қаныға аласыз.

Бұрыннан ауыл шаруашылығымен үздіксіз айналысып келе жатқан Ержан Нұрдәулетұлы соңғы жылдары құс өсіру жөнінде ойланды. Сөйтіп, қорасын сайлап, тауық өсіруге көшті. Тауық болғанда, етті бройлер, чехия коп 500 түрі. Оған қоса жұмыртқа беретін ломан браун түрін де бағып отыр.

Қораға кіргенде алдымен тазалыққа таң қалдым. Кіреберістегі инкубатор, құс соятын орын және құрылғылар маңында артық, шашау жатқан дүние жоқ. Әрі қарай қораға кіргенде де сол, тәртіп. Тауықтар жас ерекшеліктеріне қарай, ай-аптасымен бөлек қамалған. Су тамшылату әдісімен, арнайы желі арқылы келіп тұр. Қораның ең түпкіріндегі «ломан браундар» жұмыртқалай бастаған.

Құс бағымын екі адам атқарады екен. Біз келгенде қорада жүрген қызметкер Серік Сартулеев құстардың күтімі туралы айтып берді.

птица (2)

- Бір қарағанда оңай көрінгенмен, тауық күтімі мұқияттылықты қажет етеді. Қора ішін сыпырамыз. Сағатымен жем саламыз. Жемге дәрумендер мен пайдалы қоспалар қосамыз. Мәселен, құрама жемге сүйек, балық ұнтақтары араластырылады. Жем берген кезде бройлердің сыртқы түріне, қимылына қараймыз. Көптің ішінде бір ауру құс болса, ол бәріне жұқтыруы мүмкін, - деп жұмысы жайлы айтты.

птица (4)

- Менің өз кәсібім дәнекерлеуші. Бұрын ауысыммен жұмыс жасап, айлап үй көрмей жүретін едім. Осы шаруашылыққа келгелі құс бағудың қыр-сырын үйрене бастадым. Айлықты уақытында береді. Жұмысым өзіме ұнайды, - дейді Серік.

птица (3)

Айтпақшы, шаруашылықта келісі 2500 теңгеден тауық еті сатылады.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале