17.11.2023, 17:30
Оқылды: 49

Казталовта рухани кеш өтті

Ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Асантемір Қаршығаұлы Казталов топырағына табан тіреді.

image-17-11-23-05-04

Бұл жолы сапарында «Асантемір аспаны» деген поэзия кешін беріп, көрермен жүрегін жырмен жылытты. Өнер өлкесінде тербелген ақынның өршіл өлеңдері киелі сахнада төгіліп, әуезді әндері жүректі тербеп, қазталовтық ағайынды рухани сусындатты.

Көңіл шарықтап, жанды жадыратқан рухани кештің куәсі болдық. Кеш барысында құлағызыған көңілге медет болар өмір туралы әңгімелер де өрбіді.

Казталов мектеп-лицейінің оқушылары мен ұстаздары өз бояуын жоғалтпаған ақын туындысын оқып, жанды азықтандырар әлемге сапар шекті десек те болады.

image-17-11-23-05-04-3

Ақынның шашбауын көтеріп келген казталовтық ақын Қыдыр Харесұлы және ақын інілері, досы да сөз алып, арнау арнады.

Көрермен тарапынан сауалдар жолданып, тамаша естеліктер айтылды.

Аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова ақын бойындағы асыл қасиеттер ақындығы, шешендігі, батырлығы туралы тілге тиек етіп, аудан жұртшылығына құнды кеш сыйлағаны үшін аудан әкімі атынан алғысын білдірді.

Ақынға алғысхат табысталып, ұлттық шапан кигізді. Сондай-ай еңбек ардагері Уәлиолла Әбішев белгілі кәсіпкер Нұрлыбай Жолдыбаевтың атынан жылқы мінгізді.

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале