20.11.2023, 14:30
Оқылды: 44

Ауыр атлетикадан қоржынға алтын түсті

Гвадалахара қаласында (Мексика) ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

35f981589b4f73ad46351ceac4a5c927

Қазақстан құрамасына алғашқы алтын жүлдені Едіге Емберді сыйлады. Ол 81 келіге дейінгі салмақта 336 (145+191) келіні басынан асырды. Жұлқа көтеруде 9-орын, ал серпе көтеру мен қоссайыс қорытындысында алтын жеңіп алды.

Сондай-ақ әйелдер арасында 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тағы бір ауыр атлетіміз Юлия Трошкина қоссайыс бойынша жалпы есепте оныншы орынды иеленді.

Ол 150 (70+80) келіні көтерді. Дәл сондай орынға ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта Петр Хребтов 270 (120+150) тұрақтады. Айта кетейік, 44 елден 229 спортшы қатысып жатқан жарыс 23 қарашаға дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале