20.11.2023, 17:00
Оқылды: 20

Григорий Ломакин Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

grigoriy_lomakin_mys_1700469636

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, жарыстың 1-ракеткалары Ломакин мен ресейлік Евгений Филиппов финалда италиялық Томассо Компануччи – сербиялық Виктор Йовичпен бас жүлде үшін сынға түсті.

Италиялық-сербиялық дуэттің доданың 2-ракеткалары болып тіркелгеніне қарамастан, ойын тағдыры екі сетте шешілді.

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, 25 жастағы қазақстандық теннисші аталмыш турнирде жұптық сында үздік шықты. Соның нәтижесінде Григорий ATP жұптық рейтингісінде 321-ден 316-сатыға көтерілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале