Жуырда Оралда жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында стритлифтингтен Азия біріншілігі өтті.
Елімізден және көршілес Ресей мемлекетінен, барлығы 30-ға жуық спортшы бақ сынаған додада жаңақалалық Еламан Жексенов 64 келі салмақ дәрежесінде 24 келі гір тасын беліне ілу арқылы кермеге тартылудан жүлделі І орынды қанжығасына байлап, облысымыздың абыройын асқақтатты.
Айзада Жанұзаққызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz