22.11.2023, 12:15
Оқылды: 37

Ұлттық құрама әлем чемпионатында төрт медальге ие болды

 

АҚШ-тың Даллас қаласында (Техас штаты) ушудан 16-шы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Санда түрінен Ұлттық құрама спортшылары төрт медаль жеңіп алды.

c72ee5959508ff2e3371abb93f518d4a

Ерлер арасында +90 келі салмақта финалға шыққан Нұрсұлтан Тұрсынқұлов аса тартысты өткен жекпе-жекте қытайлық спортшыдан жеңіліп қалды.

Ал Бексұлтан Коскенов (65 келі), Ислам Каримов (56 келі) және әйелдер арасында Ақниет Марат (75 келі) жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, қола жүлдегер атанды.

Биылғы әлем чемпионатына 80-нен астам мемлекеттен 800-ге жуық спортшы жиналды. Қазақстан 4 жүлдемен жалпы есепте АҚШ-пен бірге 16-сатыға тұрақтады. Далласта жүлде алған мемлекеттер саны 30-дан асады.

Есіңізге сала кетейік, осыған дейінгі әлем чемпионаты 2019 жылы Шанхай қаласында өткен. Ол кезде Ұлттық құрама Ислам Каримов (52 келі) жеңіп алған жалғыз қоланы қанағат тұтқан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале