22.11.2023, 12:30
Оқылды: 35

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы қызметкері пара алғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Батыс Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР қылмыстық-процестік кодексiнің 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыныс енгізді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің ресми өкілі Арман Тлеукенов хабарлады.

aнтикор

Жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы «сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, ұсыныс Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс негізінде енгізілген болатын.

Тергеу барысында департаменттің бұрынғы басшысы БҚО қазынашылығының әкімшілік ғимараттарын кешенді күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін жүйелі негізде жеке компания өкілінен пара алғаны анықталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале