22.11.2023, 16:00
Оқылды: 46

БҚО төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады

БҚО төтенше жағдайлар департаменті күн райының құбылуына қатысты ескерту жасады.

«Қала тұрғындары мен қонақтары! Ауа райының өзгеруін бақылап, абай болып, енгізілген шектеулер туралы ақпаратпен танысуға кеңес береміз. Құрылыс нысандарына қолайсыз ауа райына байланысты халықты және аумақты қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдау қажет, мүмкіндігінше объектілердегі құрылыс-монтаждау жұмысының қызметін шектеу керек» делінген хабарламада.

орал кар (2)

Сондай-ақ құтқарушылар төтенше жағдай кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы бірқатар ұсыныс айтты.
- Егер сіз қатты желде қалып қойсаңыз, қорған болатын ғимараттарда аялдауға кеңес береміз. Үйлердің қабырғаларына жақын жерлерде тұрмаңыз, өйткені шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдары құлауы мүмкін. Ешқандай жағдайда қоғамдық көлік аялдамаларының, билбордтардың, аяқталмаған ғимараттардың, ағаштардың астына тығылмаңыз. Қатты жел кезінде электр желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті, - дейді сарапшылар.

Дауыл кезінде ең алдымен тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жағдайын тексеру керек.

Пәтерде электр желісінің кернеуі жоғарылаған кезде барлық тұрмыстық электр құрылғысын дереу өшіру керек.

Құлап қалмас үшін көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:
- биік өкшелерден бас тартып, табаны тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз;
- жолдағы жүргіншілер өтетін жерде өте мұқият болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз;
- көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
- мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болуы керек, ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, бұл құлау қаупін туғызуы мүмкін;
- қарт адамдарға резеңке ұшы бар немесе үшкір ұшы бар арнайы таяқша ұстау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 телефон нөміріне қоңырау шалу қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале