24.11.2023, 9:45
Оқылды: 44

Телефон ұрлаған күдікті қолға түсті

Орал қаласының полиция қызметкерлері «Құқық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында 22 қараша  күні 14 жастағы жасөспірімнің «Iphone-11» маркалы ұялы телефонын ұрлаған күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

4adf48d8-907f-4a1b-a05c-aa1b9bfd6126

Жасөспірім сағат 16:10-де қаладағы Қонаев көшесі арқылы ағылшын тілінен қосымша сабақтан келе жатқанда белгісіз ер адам тоқтатып, қолындағы телефонын сұрайды. Ешнәрседен күдігі жоқ жас бала телефонын берген. Ал бейтаныс адам телефонды алып, қаша жөнеледі.
Жедел–іздестіру іс-шаралары нәтижесінде аталған істі жасады деген күдікпен 1995 жылғы Орал қаласының тұрғыны анықталып, ұсталған.
Сондай-ақ тексеру кезінде оның 20 қарашада қаладағы «Сити-центр» сауда үйінде 2007 жылғы студенттің «Редми-10» маркалы телефонын қолды қып кеткені белгілі болды.

Алайда бұл оиқға қатысты жәбірленуші полицияға 22 қараша ғана хабарласады.

Қазіргі уақытта күдікті Орал қаласындағы ПБ УҰИ-на қамауға алынған.

ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале