ҚР сыртқы істер министрлігінің қолдауымен бас прокуратура және ІІМ-нің интерпол қызметкерлері Латвия Республикасынан алаяқтық жасаған Қазақстанның азаматын алып келді. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Күдікті 2016 жылы топ болып бірлесіп жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан. Сөйтіп сатып алушыға 12 миллион теңге көлемінде залал келтірген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Кейін Латвия аумағында ұсталды.
Қазіргі таңда Астананың тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.