24.11.2023, 15:15
Оқылды: 37

«Алаш» партиясының тұңғыш сиезі

1917 жылдың 12-13 қазан күндері Семейде тұңғыш рет «Алаш» партиясы атынан сиез өткізілді. Сиезде «Алаш» партиясының Семей облыстық Уақытша комитеті құрылады.

жп дала
Оның құрамына Ә.Бөкейханов, Р.Мәрсеков, И.Әлімбеков, А.Қозыбағаров, Т.Құнанбаев, Х.Ғаббасов, С.Дүйсенбиев, Ә.Ермеков М.Малдыбаев, Ә.Молдабаев, Б.Сарсенов енеді.

Сиезде қаралған басты мәселе «Алаш» партиясын қалыптастыру және мүшесіне адамдар қабылдау, сондай-ақ партияның Жарғысын бекіту секілді мәселелер тыңдалады.

Сиездің құрметті төрағасы болып Ә.Бөкейханов, облыстық комитеттің төрағасы болып Х.Ғаббасов, орынбасарлығына А.Қозыбағаров, хатшылығына С.Дүйсенбиев сайланады.

Осылайша «Алаштың» облыстық комитеттері сол кезеңде Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалыстың өрістеуіне және халық арасында партияның үлкен беделге ие болуына зор үлестерін қосады.

Кейін 1917 жылғы желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпы қазақ сиезінде «Алаш» автономиясы мен «Алашорда» үкіметінің орнауында үлкен рөл атқарады.

Зұлқожа Шарафутдинов
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале