27.11.2023, 9:00
Оқылды: 30

"Көргім де келмейді". Балуан Ислам Байрамуков 23 жылдан бері не үшін өкініп жүргенін айтты

ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, балуан Ислам Байрамуков не үшін өкінетінін айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ислам

Фото: zhaikpress.kz

Бұл туралы спортшы "Алғашқы" бағдарламасында айтты.

"Өмірде неше түрлі жағдайлар болады ғой. Кәсіби спортшы болғаннан кейін спорттағы "әттеген-ай" - Олимпиада ойындарында финалға шықтым. Финалда, өкінішке қарай, жеңіліп қалдым. Осы күнге дейін бейнесін қараған жоқпын. 23 жыл өтті. Көргім де келмейді", - дейді спортшы.

Ислам Байрамуков Сидней Олимпиадасының финалын көрмегенін атап өтті.

"Әлі көргім де келмейді. Жанға батқан жара бар. "Әттеген-ей, соңғы сәтте неге барымды салып, жеңіске жете алмадым?" деген ой әлі бар ішімде", - дейді спортшы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале