27.11.2023, 10:30
Оқылды: 20

Оралда жастар арасында бокстан чемпионат басталады

Ертең Оралда бокстан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады. Бұл туралы БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: istockphoto.com

Айта кетейік, чемпионат 3 желтоқсанға дейін жалғасады.

Аталған жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Кызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және БҚО-дан 300-ге жуық спортшы қатысады.

Чемпионат қаладағы Мұз Спорт сарайында өтпек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале