Шыңғырлау ауданында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру барысында 2012 жылы қос қабатты 20 тұрғын үйдің жаңарту, күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілген еді. Жөндеу жұмыстары барысында тұрғын үйлердің шатырлары жөнделіп, есік- терезелері жаңартылды, таза ауыз құбырлары тартылып, газбен жылыту жүйелері де жаңартылған еді. Жасалынған жөндеу тұрғындар ойынан шыққан болатын.
Бірақ, жөндеуге бөлінген қаржының қайтарылымы кешеуілдей берді. 2012-2013 жылдары қозғалыссыз қалған осы олқылық кейінгі жылдары «іркілістен» қозғалып, қарызды қайтару жұмыстары орындала бастады. Бүгінгі таңда жаңғырту жұмыстарына жұмсалған қаржының қайтарылымы 19 млн. 300 мың теңге, яғни, 74 % құрап отыр,- дейді аудандық Тұрғын үй, коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Ульяров.
Гүлшат Ботанова
Шыңғырлау ауданы