28.11.2023, 9:00
Оқылды: 59

Қызылша: 30 бала реанимацияда жатыр

Дәл қазір Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтіп жатыр.

IMG_20231128_082045_358

Отырыста денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылша ауруының ахуалы туралы баяндады.

Оның айтуынша, қызылша ауруының асқынуы бойынша әлемнің 167 елінде 415 мыңнан астам жағдай тіркелген.

- Елімізде қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелді.

Олардың 82%-дан астамы балаларға тиесілі, оның көпшілігі вакцина алмаған балалар.

Қызылша аурулары барлық өңірде тіркелді. Жоғары деңгей Шымкент пен Алматы қалаларында, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында байқалады.

Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауырған науқастарға арналған 3,5 мыңнан астам төсек-орын орналастырылған, стационарлық емдеуде 2375 бала бар, - деді министр.

Бүгінгі таңда төсек орын қамту жүктемесі – 59,5% болса, 1 мыңнан астам орын резервте тұр.

Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр, 1 жасқа дейін – 15 бала бар.

Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында 1 жастан 6 жасқа дейінгі 600 мыңнан астам бала жоспарлы иммундаумен қамтылған. Бұл вакцинацияланатындардың 84%.

Жыл соңына дейін осы жас тобындағы 100 мыңнан астам баланы қамту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар қызылшаға қарсы вакцинаның қосымша 1,5 млн дозасы сатып алынған.

Бүгінгі таңда 500 мың доза әкелінсе, желтоқсан айында 1 млн доза жеткізіледі деп күтіліп отыр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале