Таяу Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлбекұлы, аудандық мәслихат депутаттары Рауан Есенғалиев, Мәди Меңдешев Жалпақтал ауылының орталығындағы орталық автотұрақта ауылдағы бірқатар такси жүргізушісімен кездесті.
Кездесудің басты себебі 2023 жылғы 22-24 қараша күндері ауа райының күрт өзгеріп, тосын мінез көрсеткен алмағайып күндерінде Жалпақтал-Орал бағытындағы такси жүргізушілерінің бағаны 4 мың теңгеге көтергендігі жөнінде болды.
Ешқандай жану-жағар май басқалай қызметтердің бағасында еш өзгеріс болмаған сәтте бағаны өсіруге еш негіз жоқ екендігі жүргізушілерге ескертілді.
Осы күнге дейін 3 мың теңге болып келген такси бағасын өзгеріссіз қалдыру жөнінде тұрғындар мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің талабы ескерілді.
Жолақы құны 3 мың теңге болып өзгеріссіз қалды. Тұрғындар тарапынан такси жүргізушілеріне деген бірқатар наразылық та айтылды.
Миржан Қарабалин,
Казталов ауданы