28.11.2023, 22:35
Оқылды: 48

Казталовта тұрақты комиссия отырысы өтті

Бүгін Казталов аудандық мәслихатының «Бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту мәселелері» жөніндегі комиссиясының отырысы ұйымдастырылды.

IMG-20231128-WA0205

Комиссия отырысына аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев, аудан әкімінің орынбасары Рашид Нәсіпқалиұлы Иманғалиев қатысты. Күн тәртібінде аудандық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау мәселесі қаралып, Казталов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерлан Аронов хабарлама жасады.​

IMG-20231128-WA0202

- Казталов ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 524 шақырым. Аталған жолдарды күтіп ұстау үшін географиялық ыңғайына қарай 3 нысанға бөлінді. Олар: Казталов ауылы бағыты – 225 шақырым, Жалпақтал ауылы бағыты -2 78 шақырым және Болашақ ауылы бағыты – 43 шақырым.​

2018-2021 жылдары аралығында аудандық маңызы бар жолдарды «Қуан Құрылыс» ЖШС, «Техсапа Құрылыс» ЖШС және Казталов мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны күтіп ұстау бойынша қызмет атқарып келеді. 2022-2024 жылдарда күтіп ұстау үшін 2021 жылдың 6 желтоқсанында мемлекеттік сатып алу порталында Болашақ - 43 шақырым, Казталов – 225 шақырым, Жалпақтал – 278 шақырым нысандары бойынша ашық конкурс жарияланады. 2021 жылдың 26 ақпанында барлық конкурстық рәсімдер аяқталып, үш нысанға да «Старт Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз атанды, - деді өз сөзінде.​

IMG-20231128-WA0207

Комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары өз ойларын ортаға салып, сауал жолдап тиісті жауаптарын алды.

Гүлнұр Бөлешова, 

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале