30.11.2023, 22:25
Оқылды: 55

Сапалы қызмет көрсету жолдары талқыланды 

Теректі аудандық әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлер – дербес бөлім басшылары мен мамандар қатысуымен «Біздің мақсат – сапалы қызмет көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

д стол 3

Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Сатыбалдиев ашып, сөз кезегін арнайы келген «ASAR ORAL» жекеменшік қоры басшысы Ғалия Сатыбалдинаға  ұсынды.

дстол

- Мемлекеттік қызметкерлер халық игілігі үшін жұмыс жасауда.  Қазіргі  кезде аудандарда да,  ауылдық округтерде де өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасайды. Egof порталы арқылы қызмет алу сапасы жақсарып  келеді, - деген Ғалия Кәмшатқызы сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызметкерлердің өз қызметін асыра пайдалануы жайында сөз қозғады.

д стол

Дөңгелек үстел басында жиналған мемлекеттік қызметкерлер осы тақырып төңірегінде еркін ой-пікірлер айтып, өз қызметтерінде кездескен оқиғаларды да ортаға салды.

«Халыққа сапалы қызмет көрсету – мемлекеттік қызметкердің басты мақсаты» деген тұжырымға тоқталған мемлекеттік қызметкерлер отырыста естіген кеңестерді ойға түйіп, тарқасты.

Балнұр Қуанышқызы, 

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале