Бүгін 2:30-да Оралдағы Мұхит көшесі №129 мекенжайында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйден өрт шықты.
Бұл туралы БҚО төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бес қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатында орналасқан №15 пәтердегі тұрмыстық заттар мен мүліктер өртенген.
Өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метр. Оқиға орнынан жерден бес адам шығарылған. Оның біреуі бала. Зардап шеккендермен жарақат алғандар жоқ.
Тілсіз жау шыққан үйге ТЖД-ның 19 жеке құрамы, бес дана техникасы жұмылдырылған.
Өрт 2:59-да оқшауланып, 3:33-те толығымен сөндірілген.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
zhaikpress.kz