10.12.2023, 14:32
Оқылды: 130

Елімізге танымал отбасылық психолог Орал жастарымен жүздесті

Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, “Жайық таңы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 7-желтоқсан күні “Алтын Орда” мәдениет үйінде “Жастар және руханият” тақырыбында жастарға және қала тұрғындарына арналған кездесу өткізілді. Кездесу қонағы болған – Астана қаласынан келген елімізге танымал отбасылық психолог, “Отбасы академиясының” негізін қалаушы Ержан Мырзабаев.

IMG-20231209-WA0038

Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға отбасы құндылықтарын дәріптеп, бәсекеге қабілетті білім алып, ел игілігі үшін қызмет етуге және деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтануға шақыру.

IMG-20231209-WA0048

Кездесу барысында Ержан мырза қазіргі қоғамдағы отбасы мәселесін тілге тиек етіп, жаңа отбасы құрудың алғышарты, ата-анамен қарым-қатынас, отбасы құрғаннан кейін болатын ахуалдар, қоғамға пайдалы болу, теріс ағымдардан сақтану тақырыптарын талқылады және пайдалы жағы басымырақ жеткізілді.

IMG-20231209-WA0046

Қала тұрғындары мен арнайы басқа өңірлерден келген қатысушылар ұйып тыңдап, екінші бөлім олардың сұрақ қоюымен жалғасын тапты.

IMG-20231209-WA0034

IMG-20231209-WA0036

IMG-20231209-WA0040

IMG-20231209-WA0032

Зердегүл Мүсірова,

 “Жайық таңы” ҚБ жоба жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале