Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерін сайлауға байланысты бүгін Бостандық ауылдық округінде округ әкімін сайлау жүзеге асып отыр.

Округтегі № 224 №225 сайлау учаскілері тағы сағат 7:00-ден жұмысын бастап, сайлаушыларды қабылдауда.

Сайлаушылар окугтің болашағы үшін сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруде.
Бостандық ауылындағы №224 сайлау учаскесіне ауыл тұрғыны Айгүл Болатова алғашқы болып келіп, өз таңдауын жасады.

Бірінші дауыс берген сайлаушыны сайлау учаскесінің төрағасы Абзал Хайруллин құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.
Бостандық ауылдық округіндегі № 224 сайлау учаскесіне егде жасқа келсе де, ауылының болашағына алаңдаған 91 жастағы Мағрипа Мухаметжанова арнайы келіп, дауыс берді.

Мағрипа әжеміз: - Айналайындар, еліміз тыныш болсын! Бүгін округімізде айтулы күн болғасын, қарап отыра алмадым. Ауылымыздың болашағы үшін өз дауысымды беріп, таңдау жасадым. Сіздерге көп рахмет! Аман болыңдар!- деген ақжарма тілегін жолдады.
Нұр Рахман,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz