10.12.2023, 13:09
Оқылды: 92

Сарыөмір ауылында тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа нысан пайдалануға берілді

Президенттің тапсырмасы аясында Тәуелсіздік күніне орай Теректі ауданына қарасты Сарыөмір ауылында жаңа отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылды.

IMG-20231210-WA0037

"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында бой көтерген емдеу мекемесінің ашылу салтанатына өңір басшысы Нариман Төреғалиев, аудан әкімі Алия Мұхамбетжанова және түрлі мекеме басшылары қатысты.

IMG-20231210-WA0039

Екі мыңға жуық тұрғыны бар ауыл үшін нысанның ашылуы үлкен қуаныш. Сол себепті Сарыөмір тұрғындары ашылу салтанатына түгел келді.

IMG-20231210-WA0114

Бір ауысымда 20 адамды қабылдайтын амбулатория тіс емдеу, бала денсаулығы, физиотерапия, акушер-гинеколог, зарарсыздандыру, таңу, егу кабинеттерімен қамтылған.

IMG-20231210-WA0117

IMG-20231210-WA0115

- Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде алғашқы медициналық жәрдем адамдарға барынша жақындатылуы тиіс. Сапалы медициналық қызмет азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан бәріне бірдей қолжетімді болуы керек. Сонымен қатар, алдағы уақытта қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне және алғашқы медициналық-санитарлық жәрдемге бөлінетін қаржыны, осы салаға жұмсалатын қаражаттың жалпы көлемінің 60 пайызына дейін арттыру қажет. Нәтижесінде 2025 жылға дейін алдын алу шараларына ғана бөлінетін қаржы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне жететінін айтты. Біздің облыста 2025 жылға дейін сапалы медициналық қызмет көрсететін 50 нысан салу жоспарланды. Биыл өңірде 12 емдеу мекемесі бой көтеріледі. Оның жетеуі ел игілігіне берілді. Жыл соңына дейін тағы бесеуі ашылады, - деді облыс басшысы Нариман Төреғалиев.

IMG-20231210-WA0067

Енді ауыл тұрғындары ешқайда бармай-ақ қажетті медкөмекті ала алады. Барша елді үлкен қуанышқа бөлеген салтанатты шарада Сарыөмір тұрғындары атынан сөз алған ауыл ақсақалы Жантемір Тасқалиев отбасылық дәрігерлік амбулатория тұрғызған мердігер мекеме басшылары мен жұмысшыларына, аудан, облыс әкімдеріне алғысын білдірді.

IMG-20231210-WA0040

- Біздің қуанышымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жаңа медициналық ғимаратта күндізгі стационар, ем жасайтын құрылғылар, екпе салатын бөлме бар. Ауылдастарымыз енді ауданға, басқа ауылға сабылмай-ақ алғашқы медициналық көмекті осы жерден ала алады. Жаңа нысан бұрынғы ауыл медициналық пунктісінен әлдеқайда жақсы. Елге қажетті нысан тұрғызған барша азаматтарға ауылдастар атынан үлкен алғыс айтамын.Десе де ауылға бір дәрігер керек. Еңбек ауылынан келіп,қызмет көрсетеді. Ол аздық етеді - деді ауыл ақсақалы Жантемір Тасқалиев.

IMG-20231210-WA0041

Сондай-ақ ауылға медициналық нысан тұрғызып берген мердігер "Иском" ЖШС өкілі Арман Жантөреев жаңа нысан кілтін салтанатты түрде амбулатория меңгерушісі Алмагүл Салахиеваға табыстады. Ал меднысан лентасын өңір басшысы Нариман Төреғалиев пен Жантемір Тасқалиев қиды.

IMG-20231210-WA0116

Салтанатты жиыннан соң өңір басшысы ауыл игілігіне деп жаңа жедел-жәрдем көлігінің кілтін аудандық №2 аурухана Бекзат Ғұбаевке табыстады.

- Жаңа амбулатория ашылып, жаңа жедел жәрдем көлігі берілді. Бұл біздер үшін үлкен қуаныш. Жаңа көлік Сарыөмір, Шалқар және Дуана ауылдары тұрғындарына қызмет көрсететін болады, - деді Теректі ауданындық №2 аурухана директоры Бекзат Ғұбаев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсановтың айтуынша, "Газель соболь" маркалы барлық алғашқы көмек көрсету құралдарымен жабдықталған. Жыл соңына дейін облысқа 81 жаңа жедел жәрдем көлігі келеді.

Жаңа емдеу мекемелері салынғанымен бұл салада маман тапшылығы бар екені сезіледі. Аталған мәселені шешу үшін өңір басшылығы біраз істі қолға алды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов жыл басында өңірге 279 дәрігер керек болған.

IMG-20231210-WA0036

- Маман тапшылығын жою үшін алдымен медицина мамандығы бойынша грандтар бөлдік. Биыл резедентураға 18 гранд, бакалавр яғни бірінші курс студенттеріне 66 гранд бөлінді. Алыс аудан, ауылдарға жұмысқа барған мамандарға 5 миллион теңге көлемінде бір реттік көтерме ақы қарастырдық. Соның арқасында облысымызға 115 маман келді. Оның 48-і аудандарға жұмысқа барды, - деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале