14.12.2023, 17:30
Оқылды: 54

«AMANAT» пен Үкімет жобаларды бірлесіп жүзеге асырып жатыр

Бүгінде Мемлекет басшысының ел мүддесі үшін жолдаған арнайы Жолдауы жүзеге асырылып, оң нәтижелер көрсетуде. Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, ауыл халқының тұрмыс деңгейін жақсартуға тапсырма берді.

IMG-20231213-WA0099

Тапсырманың орындалуы жауапты құзіретті органдардың жіті назарында болды. Олардың алдыңғы қатарында «AMANAT» партиясының бой көрсетіп, белсенділік танытқаны мәлім. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешуге негізделген «Ауыл аманаты» бағдарламасы өңіріміз үшін пайдалы әрі нәтижелі бола білді. Жобаны жүзеге асырмас бұрын «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын» іске асыру шеңберінде «Ауыл аманаты» жобасының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша 40 күндік ақпараттық марафон өтті.

6ae1e9a2-c073-4c1c-b020-9ff50e50a409

Мобильді топтар республикамыздың барлық облысы бойынша 175 ауданның 425 ауылы мен ауылдық округін аралады. БҚО-да барлығы – 25 кездесу ұйымдастырылып, оған 1 752 азамат қатысты. Кездесу барысында мобильді топ мүшелері ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие берудің, лизингтің жаңа мүмкіндіктері және халықтың табысын арттыруға бағытталған басқа да құралдарға қатысты ауыл азаматтарының сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдап, оларға нақты жауаптар берді.

Қазақстан Республикасы Парламентінің VIII шақырылымдағы алғашқы сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарына 5-7 жылға жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін мәлімдеді. Осы мәлімде негізінде «AMANAT» партиясы аталған жобаны Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырып отыр. Оның дәлелі Облысымызға «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде 2023 жылға республикалық бюджеттен 6,4 млрд. теңге кредиттік қаражат бөлінді. Осы қаржыға 742 микрокредит беріліп, 787 жұмыс орны құрылады.

0637e12a-e984-467d-81df-1d6b956f9a2f

Облыста 2023-2024 жылдары микрокредиттер мына бағыттар бойынша беріледі:

Мал шаруашылығы, соның ішінде  сүтті бағыттағы ірі қара мен құс шаруашылығын дамыту, өсімдік шаруашылығын өнімдерін өсіру, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп,шағын кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу.

«Ауыл аманаты» бағдарламасын тиісті деңгейде ұйымдастыру мақсатында облыстық, 12 аудандық және 147 ауылдық округте жобалық кеңселер құрылды. Құрамында мәслихат депутаттары, «Атамекен» ҰКП және «AMANAT» партиясы филиалының мүшелерінен комиссия құрамы жасақталып, ауылдық округтерде ауыл тұрғындары арасында жергілікті жерлерге шығу арқылы түсінік жұмысы жүргізілді.

Ауыл-шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыс көлемінде 394 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркеліп, соның ішінде 270 ауыл шаруашылығы кооперативтері нақты жұмыс істеп тұр. Жұмыс істеп тұрған кооперативтердің негізін, яғни, 204-і етті мал шаруашылығы, 43-і сүтті бағыттағы, 11-і өсімдік шаруашылығы бойынша, 5-і сервистік қызмет көрсету бойынша, 3-і бау-бақша шаруашылығы, 3-і бал ара шаруашылығы және 1-і су шаруашылығы бойынша мамандандырылған.

Бүгінгі күнге бөлінген қаржы көлеміне 1007 өтінім қабылданып, қарастырылып жатыр. 6 436,5 миллион теңгеге несие алуға 1004 өтініш мақұлданса, 5 170,8 миллион теңгеге 765 микрокредит берілді. Сонымен қатар 1 265,6 млн. теңгеге 239 өтініштің құжатын дұрыстауға дейін кері қайтарылды. Бағдарлама шеңберінде 51 ауыл шаруашылығы кооперативі, 661 жеке кәсіпкерлер құрылып несиеленуге өтініш беріп, 738 жаңа жұмыс орнын ашу бағытында жұмыс атқарылып жатыр.

Мал шаруашылығын дамыту бағытына 4383 миллион теңгеге 650 өтініш, өсімдік шаруашылығына 72 миллион теңгеге 10 өтініш, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға 163,3 миллион теңгеге 16 өтініш, сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті дамытуға 202,5 миллион теңгеге 29 өтініш түсіп отыр. Бүгінгі күнге сүтті МІҚ шаруашылығы бойынша 6507 бас сатып алуды жоспарлап отырған өтініштер мақұлданып, берііп жатыр.

2024 жылғы бюджетті нақтылау мақсатында облысымыздың 147 ауылдық округіне скрининг жүргізілді. Скрининг нәтижесіне сәйкес несие алуға өтініш білдіріп отырғандардың саны - 1345 адам. Жобалардың болжамды құны – 9 102,7 миллион теңге.

 Бұл ақпараттар «AMANAT» партиясы БҚОФ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі - Төремұратов Кенжалы Жанғалиұлының тікелей эфирінде егжей-тегжейлі баяндалды

«AMANAT» партиясы

 БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале