15.12.2023, 17:39
Оқылды: 45

Автожол саласындағы қызметкерлер виртуалды тренажердің көмегімен біліктілігін арттырады

Автомобиль жолдарының жай-күйін бақылаудың тиімділігін цифрлық шешімдерді енгізу арқылы арттыру мақсатында Көлік министрлігіне қарасты Жол активтері сапасының ұлттық орталығы сынақ зертханаларында жұмыс істейтін қызметкерлерді оқытуға арналған виртуалды тренажерді әзірлеп жатыр.

1f744f2ffda7b4bc0188430ce61d34db_1280x720

Көілк министрлігінің хабаралуынша, бұл шара жаңа әдістер мен технологияларды игеруге, мамандардың дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша біліктіліктерін арттыруға көмектеседі.

dfacd4ae52ea5e0a160f200bc53b6309_1280x720

Білім алушы тренажердің көмегімен 5-10 минуттың ішінде жолдар мен материалдардың сапасын тексеру кезінде бірнеше күн жүргізілетін барлық кезеңді бірден көріп өте алады.

Аталған әзірлемені енгізе отырып, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы өзінің барлық өңірдегі филиалдарында жұмыс істейтін қызметкерлерін жүйелі түрде емтихандық тестілеуден өткізуді жоспарлап отыр.

Фото: gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале