15.12.2023, 17:33
Оқылды: 70

Абырой биігіндегі азамат

Біз күнделікті өмірімізде қым-қуат тірлікпен жүріп, айналамызға көз сала бермейміз. Қоғамның өзі алар орны ерекше жандарға толы. Мұны біз байқамаймыз. Өзіміз мекен етіп жатқан ауылдың тазалығы мен тәртібі, қауіпсізді қалай сақталатыны да бізге қажет емес секілді. Ал айналаңызға дұрыстап мән беріп қарасаңыз, барлық тірліктің басында бір-бір адамның еңбегі жатыр. Олар ауылдың, ауданның дамуы үшін, халықтың алаңсыз өмір сүруі үшін абыройлы қызмет атқаруда.

IMG20231215124115

Біздің бүгінгі жазарымыз қоғамдық тәртіпті қадағалап, елдің қауіпсіздігін бақылаған тәртіп сақшылары — учаскелік полиция инспекторлары туралы болмақ.
Расында, елде тәртіп болмаса, әркім өз білгенін істеп, қоғамды қылмыс, тәртіпсіздік билеп кетері сөзсіз. Ал сол қоғам тыныштығын күзетіп жүрген азаматтардың еңбегін елеп жатқанымыз шамалы. Құдай сақтасын, басымызға іс түскен кезде ғана тәртіп сақшыларына жүгінеміз. Әсіресе, ауылдағы ағайын мал жоғалған кезде учаскелік полиция қызметкерлерін іздейді.

FB_IMG_1702638888961

Жуырда бір кештің ішінде Казталов ауданына қарасты Бірік ауылдық округінің Лекер қыстағындағы 700 бас қой боранда ығып кетіп, жоғалады. Сол кезде мал иесіне Бірік ауылдық округіне жауапты учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, аға лейтенант Нұрсұлтан Серік көмекке келіп, дала кезіп жоғалған малды табуға көмектеседі. Учаскелік полиция қызметкерінің қырағылығы мен жанкештілігінің арқасында жоғалған қой түгелімен табылып отыр.

Айтпақшы, Нұрсұлтан Серік Тәуелсіздігіміздің құрдасы.

Ол 1991 жылы Тереңкөл ауылында дүние есігін ашқан.
Иә, бұл полиция қызметкерлерінің бір күнде ғана жасаған нәтижелі жұмысының көрінісі ғана.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале