18.12.2023, 15:00
Оқылды: 57

Рудныйда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби өлі табылды

Рудныйда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости"-ге сілтеме жасап.

IMG-20231218-WA0033Фото: "Костанайские новости"

17 желтоқсанда сағат 12:00 шамасында Рудныйда Корчагин көшесіндегі үйлердің бірінің маңындағы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Ол полиэтилен пакетке оралған.

"Аталған факті бойынша Рудный полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Полицейлер баланың анасын және жаңа туған нәрестенің денесін қоқыс жәшігіне тастаған болуы мүмкін адамдарды іздестіріп жатыр.

"Осы қылмыстың куәгері болсаңыз, полицияға 102, 52-60-22, 52-59-25 телефондарына хабарласыңыз. Болмашы ақпараттың өзі тергеуге көмектеседі", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале