Орал қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала орталығында қауіпті дрифт ұйымдастырған жүргізушіні ұстады.
Видеодан кадр
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Оралда 2003-2004 жылы туған жүргізуші мен жолаушылар Оралдағы неке сарайының жанында тұрғындарға қауіп келтіретін дрифт жасаған.
Бұл факт жедел-басқару орталығы бейне камералары арқылы анықталып сол мекенжайға жақын маңдағы экипаж дереу жіберілген.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі, 593-бөлігі 1-бөлігі, 595-бөлігі 1-бөлігі бойынша,
ал жолаушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырыған. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылған.
zhaikpress.kz